Ұлытау облысында ғарыш кемесінің сынығы құлады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-41419-1666963711-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Ұлытау облысында жергілікті тұрғындар ғарыш кемесі сынығының құлауына куә болды.

Байқоңырдан ұшқан «Прогресс МС-21» жүк тасымалдау кемесінің қалдығы аудан орталығынан небәрі 25 шақырым қашықтықта орналасқан Орынбай елді мекенінде құлаған. Бөлшектің ұзындығы — 10 метр, ал салмағы — 1,5 тонна.

Қалдықтың түсетін орны алдын ала жоспарланған. Сондықтан әкімдік қызметкерлері тұрғындарды бір күннің ішінде қауіпсіз жерге көшірген.

Қазіргі таңда бөлшек құлаған жерді қоршауға алып, күзет қойған. Мамандар айналаны тазалайды. Жергілікті билік зымыран қалдықтары тұрғындарға ешқандай зиян келтірмейді деп сендіреді. Айта кетейік, 23 жыл бұрын дәл осы жерге зымыранның сынығы құлаған.

«Зымыранды ғарыш айлағынан ұшырар алдында елді мекенде эвакуациялау жүргізілді. Отынын айтатын болсақ, гептил емес, керосин қолданылады. Нысанның фрагменттері пластмассадан жасалған, халыққа ешқандай зияны жоқ», — деп түсіндірді Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас инспекторы Қанат Балтабаев.

Добавить комментарий