Қазақстандық БАҚ-тың хабарлауынша, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғаны және тергеу іс-шараларының жалғасып жатқанын расталды.
Абылай Мырзахметов былтыр ақпан айында «Атамекен» ҰКП басшысы қызметінен кеткен. Жиырма жылдан астам уақыт бұрын ол Қазақстанның көлік министрі және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы болған кезде сотталып, мемлекеттік мүлікті жымқыруды ұйымдастырды деген айып тағылды және мүлкі тәркіленіп, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылған.