Германияда ядролық қаруды пайдалана отырып, әскери іс-қимылдарды пысықтау бойынша құпия жаттығулар өтті, деп хабарлады германиялық Bild.
Неміс әуе күштері мен НАТО одақтастарының ядролық қаруды алып жүре алатын бомбалаушыларды пайдаланумен жаттығулары атом бомбаларын пайдалана отырып, Германияның қорғанысын пысықтау мақсатында Нёрфених авиабазасында өтті.
Неміс басылымы АҚШ-тың орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен шығуы ядролық соғыстың басталу қаупін тудырғанын айтады.
Орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарттың қолданылуы 2019 жылдың 2 тамызынан бастап АҚШ бастамасымен тоқтатылды. АҚШ зымыран ұшырғаннан кейін өткен жылдың желтоқсанында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш қару-жарақты бақылау туралы жаңа келісімді шұғыл түрде жасауға шақырды.
Сондай-ақ АҚШ Стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту және шектеу жөніндегі шаралар туралы шартты (СНВ-3) ұзартуға ниетті ме, жоқ па, әлі шешпеді. Бұған дейін Вашингтон Мәскеумен СНВ-3 келісім шартына Ресейде әзірленіп жатқан қару-жарақ қана емес, басқа да қару-жарақ пен жеткізу құралдары да кіруі тиіс деп мәлімдеген болатын. Пентагон Мәскеудің екі мың стратегиялық емес ядролық қаруға ие екеніне сенімді.