Ұлттық экономика министрі экономиканың өсу қарқыны жеделдегенін айтты

Қазақстан Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2022 жылдың басынан бері Қазақстан экономикасының өсу қарқыны жеделдегенін айтты. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 3,5%-ды құрайды.

«Биыл қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,5%-ға дейін жеделдеді. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, сауда мен байланыста өсудің а.ж. қаңтардағы төмендеуден кейін қалыпқа келуі, өндіруші емес секторлардағы инвестициялардың қарқынды өсуі байқалуда. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында нақты сектордағы өсім 4,7% құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,1%-ға дейін ұлғайды», — деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сауда, сумен жабдықтау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетуде.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 2,6% құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 5,7% құрады. Инвестициялар құрылыс саласында 2,2 есеге, білім беруде 2,2 есеге, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда 63%, ғылыми және техникалық қызметте – 34%, саудада – 32%, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында – 19%, өнер, ойын-сауық және демалыста – 18,7%, көлік және қоймалауда – 17,2% өсті.

«Осы жылдың қаңтарында сыртқы сауда тауар айналымы 63% өсіп, $8,8 млрд құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 86% өсіп, $6,1 млрд дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 56% артып, $1,7 млрд дейін жетті. Тауарлар импорты $2,8 млрд құрады. Жалпы, оң сауда балансы $3,3 млрд құрады», — деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Өңдеу өнеркәсібінде серпінді өсу үрдісі байқалуда: осы жылдың қаңтар-ақпан айларында өндіріс көлемі 3,9%-ға өсті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 9,2%-ға, оның ішінде автомобиль жасаудың – 10,2%-ға, вагондар мен локомотивтер өндірісінің – 24%-ға, құрылыс материалдары – 2,1%-ға, дайын металл бұйымдары – 4,4%-ға, пластмасса бұйымдары – 8,7%-ға, фармацевтикалық өнімдері – 17,0%-ға, сусындар – 16,5%-ға, киім өндірісінің 12,8%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,4%-ға ұлғайды.

Добавить комментарий