KASE-дегі доллар бағамы 426,7 теңгені құрады

Ашық дереккөздерден хабарлағандай, бүгін, 2021 жылғы 6 мамыр күні Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 11:00-деге жағдай бойынша 426,99 теңгені құрады.

5 мамыр күнгі таңғы деректермен салыстырғанда (1 доллар үшін 427,22 теңге) ұлттық валюта долларға қатысты 0,23 теңгеге нығайды.

Сондай-ақ, елорданың айырбастау пункттерінде американдық валютаны сатудың максималды бағамы 11:15-дегі жағдай бойынша — 428 теңгені, Алматыда — 429 теңгені құрайды.

Ұлттық банктің ресми (нарықтық) бағамы 6 мамырда 1 доллар үшін 426,85 теңгені құрады. Теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы келесі күні Қазақстан қор биржасының сауда-саттық қорытындысы бойынша белгіленеді.

Добавить комментарий