Қазақстан Ұлттық банкі өткен жылы теңгені бірнеше рет интервенция арқылы қолдағанын айтты. Алайда, бұған қарамастан, теңге 2020 жылы 10%-ға әлсіреді.
«Мұнайдың төмен бағасы мен коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банк ақпан, наурыз, қыркүйек және қазан айларында нарықты жалпы көлемде бір жыл ішінде $1,9 млрд интервенция арқылы қолдады», — деді Ұлттық банктегілер.
Сондай-ақ, Ұлттық банк айырбастау пункттері үшін сатып алу бағамының валютаны сату бағамынан ауытқу шегін белгіледі.
ҚР бюджетіне трансферлер жүргізу үшін шамамен $9,05 млрд айырбасталды, делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор компаниялары нарықта шамамен $2,1 млрд валюта түсімін сатқан.
Ресей рублі өткен жылы 19,5%-ға әлсіреді, деп хабарлайды ақпаратта.