Ресей Федерациясының пайдасына тыңшылық жасады деп айыпталған литвалық саясаткерге қатысты үкім жарияланатын күн белгіленді. Сот қабылданған шешімді 2021 жылғы 27 маусымда оқиды.
Литва соты РФ пайдасына тыңшылық жасады деген күдіккке ілінген саясаткердің ісі бойынша шешімді 27 шілдеде жария етеді
Аталған іс бойынша екі күдікті — «Социалистік халық майданы» партиясының бұрынғы жетекшісі Альгирдас Палецкис пен кәсіпкер Деймантас Бертаускас сотталуда
Литваның Шяуляй округтік соты оппозициялық Ресей Федерациясының пайдасына тыңшылық жасады деген күдікке ілінген саясаткер Альгирдас Палецкистің ісін қарауды аяқтап, 27 шілдеде үкімін шығарады. Бұл туралы сот инстанциясы өз сайтында хабарлады.
«Сот процеске қатысушылардың соңғы сөздерін тыңдады және өз шешімін 27 шілдеде жариялайды», — делінген хабарламада.
Іс бойынша екі күдікті — «Социалистік халық майданы» партиясының бұрынғы жетекшісі Палецкис пен кәсіпкер Деймантас Бертаускас сотталуда. Оларға екі эпизод бойынша айып тағылды. Олардың бірі ресейлік арнайы қызметтердің тапсырмасы бойынша 1991 жылғы қаңтар оқиғасы туралы процесті жүргізген Литва судьялары мен прокурорлары туралы ақпарат жинаумен, екіншісі — қант диабетімен ауыратын РФ азаматы Юрий Мельдің денсаулық жағдайы нашар деген жалған анықтама беруге келісетін дәрігерлерді іздеумен айналысқан.
Палецкис кінәсін мойындамады, бұл туралы сотқа да мәлімдеді, бірақ айғақ беруден бас тартпады. Ол 2018 жылдың қазанынан бері қамауда болды және 2020 жылғы 6 сәуірде босатылды. Қазір Палецкиске қатысты 21 00-ден 06:00-ге дейін интенсивті бақылау режимі қолданылады. Оның үстіне ол үнемі орналасқан жерін бақылап отыратын электронды білезік тағып жүруі керек.
Дәлелдемелер ұсынылмады
Маусым айының басында «Республика» газетіне жолдаған хатында Палецкис прокуратура оның кінәсі туралы дәлелдемелер ұсынбағанын алға тартып, ол жазып өткендей, абстрактілі айыптау жеткілікті болады дегенге сенеді.
Оппозиционердің айтуынша, түпкілікті тағылған айып мынадай: белгісіз ресейлік барлаушының тапсырмасы бойынша тыңшылықпен айналысты, әртүрлі мәлімет жинауды жоспарлады және мәлімет жинауды белгісіз адамға тапсырған. Палецкис келеке етіп қылмыстық кодексті белгісіз барлаушының тапсырмасы бойынша анықталмаған тыңшылық қызмет жүргізді баппен толықтыруды ұсынды.
Басқаша пікірде болғаны үшін қудалау
2004-2007 жылдары Палецкис парламент депутаты, 2007-2008 жылдары Вильнюс қаласының вице-мэрі болды. 2010 жылы берген сұхбаттың бірінде ол 1991 жылғы қаңтар оқиғасының ресми нұсқасына күмәні бар екенін айтқан. Сол оқиға кезде елордадағы саяси қос билік пен қару қолданған қақтығыстар кезінде 14 адам қаза тапты. Палецкис куәгерлердің сөзін келтіріп, билікке ұмтылған радикалдар бүлік шығарғанын және Вильнюстегі телемұнараларды алу кезінде «бір-бірлеріне оқ атқанын» мәлімдеді.
Осы мәлімдеме «кеңестік агрессия мен басқыншылықты жоққа шығарғаны үшін» жауапкершілікті көздейтін бап бойынша қылмыстық істі қозғауға түрткі болды. Палецкис ақталып шықты, бірақ оған €3 мың айыппұл салынды.
2014 жылы оппозиционер «Азаматтық ұстаным» номинациясы бойынша «Нацизмсіз әлем» халықаралық құқық қорғау сыйлығына ие болды
РФ-ның Вильнюстегі елшілігі атап өткендей, Литва билігі өздерін халықаралық деңгейде адам құқықтарын аяқ асты етпейтіндерін мәлімдегенімен, өз азаматтарына қатысты, атап айтқанда Палецкистің қудалап, оның құқығын бұзып отыр.