Ауған әйелдері Қазақстан арқылы елден кете алады

Қазақстан үкіметі Ауғанстаннан кеткісі келетін әйелдерге транзиттік дәліз ұсыну туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін негізге ала отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел судьялары мен парламентшілері және олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Қазақпарат» ХАА ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Транзит үшінші елдерге одан әрі ұшу үшін Алматы қаласының әуежайы арқылы халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта жүзеге асырылды.

Добавить комментарий