Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі қызметіне қайта тағайындалды.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды.
Парламент Мәжілісінде оның кандидатурасына 97 депутаттың 82-сі жақтап дауыс берді. Смайыловтың кандидатурасын Amanat партиясы ұсынды, оны президент Тоқаев қолдады.