Қазақстан азаматтары арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама елімізде қандай әлеуметтік желілер танымал екенін көрсетті.
2021 жылдың қаңтар айында, Statcounter Global Stats-тың мәліметінше, әлемдегі ең танымал әлеуметтік желісі Facebook болды, оның үлесі 69,8%-ды құрады. Одан кейін Pinterest (11,9%), Twitter (9,5%), YouTube (4,9%) және Instagram (2,6%) жайғасты.
Қазақстанда Pinterest желісі көш бастап тұр: 32,7%. Үздік бес әлеуметтік желі қатарына YouTube (20,4%), «ВКонтакте» (14,9%), Facebook (13,5%) және Twitter (11,3%) енді.
«Үстел» компьютері — ДК, ноутбук немесе моноблоктар арқылы — қазақстандық пайдаланушылардың көбісі Pinterest, YouTube және «В Контакте»-ге кіреді. Планшет арқылы көбінесе Pinterest, Facebook және YouTube-ке кіреді және осы үштік смартфон иелері арасында үлкен сұранысқа ие, алайда бұл топта YouTube Марк Цукербергтің әлеуметтік желісін басып озып, танымалдылық жағынан екінші орынға шықты.
Play Market қосымшалар дүкенінің мәліметінше, Pinterest қолданушылары 5 жұлдыз ішінде 4,6 жұлдыз берген. Одан кейін YouTube және Twitter — 5 жұлдыздың ішінде 4,2 жұлдыз жинаған. Facebook 4,1 жұлдызға, «ВКонтакте» 3,4 жұлдызға бағаланды.