Стокгольм халықаралық әлем проблемаларын зерттеу институты (SIPRI) жыл сайынғы баяндамасын жариялады, онда қару-жарақтың ірі экспорттаушылары аталды.
Баяндамаға сәйкес олар АҚШ, Ресей, Франция, Германия және Қытай болып шықты. Соңғы бес жылда аталған елдер әлемдегі қару-жарақтың ең ірі экспорттаушылары болды.
Соңғы бес жылда сатылған әлемдік қарудың үштен бірінен астамы (37 пайызға жуық) Құрама Штаттарда өндірілді. АҚШ-тан сатқан қару-жарақтың жартысына жуығы Таяу Шығысқа тиесілі. АҚШ экспорты 2011-2015 жылдармен салыстырғанда 15 пайызға артты.
SIPRI мәліметінше, 2011-2015 және 2016-2020 жылдар аралығында қарудың негізгі түрлерін сату көлемі алғаш рет артқан жоқ. Қару экспорты бойынша үздік бестікке АҚШ, Ресей, Франция, Германия және Қытай кірді.
Баяндамаға сәйкес, Сауд Арабиясы импорттаушылар арасында көшбасшы. Осылайша, Таяу Шығыс елдеріне 2016-2020 жылдары қару-жарақ импортының ең үлкен өсімі (25 пайыз) тиесілі. Сауд Арабиясына қару жеткізу 61 пайызға, ал Катарға 361 пайызға артты.
Айта кетейік, жақында Біріккен Араб Әмірліктері Құрама Штаттармен 23 миллиард доллар пакеті аясында АҚШ-тың 50 F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшағын және 18-ге дейін жауынгерлік дронды сатып алу туралы келісімге қол қойды.
Азия мен Мұхит елдерді — негізгі қару-жарақ импорттаушы ірі аймақ болды, оларға 2016-2020 жылдары әлемдік қару жеткізудің 42 пайызы тиесілі болды. Үндістан, Австралия, Қытай, Оңтүстік Корея және Пәкістан аймақтың ірі импорттаушылары болды.
«Азия мен Мұхит елдерінің көптеген мемлекеттері үшін Қытайды қауіп ретінде қабылдауы қару импортының басты себебі болды», — деді SIPRI аға ғылыми қызметкері Симон Веземан.
Баяндама бойынша, 2016-2020 жылдары Түркияға қару импорты 59 пайызға төмендеді. Негізгі факторлардың бірі 2019 жылы Түркия ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін импорттағаннан кейін АҚШ-тың F-35 жойғыш-бомбалаушы ұшақтарын елге жеткізуді тоқтату болды. Түркия импортқа тәуелділігін азайту үшін ішкі қару-жарақ өндірісін де ұлғайтуда.
SIPRI COVID-19 пандемиясынан туындаған рецессия (экономикада, өндірістің салыстырмалы түрде қалыпты құлдырауы немесе экономикалық өсу қарқынының баяулауы — авт.) қару-жарақ жеткізуді баяулатуы мүмкін бе деп айтуға әлі ерте екенін мәлімдеді.
«COVID-19 пандемиясының экономикалық салдары кейбір елдердің таяу жылдары қару импортын қайта қарауына алып келуі мүмкін. Алайда, 2020 жылы пандемия өршігеніне қарамастан, бірнеше ел негізгі қару түрлеріне ірі келісімшарттарға қол қойды», — деп түсіндірді Веземан.
Қару жеткізу жөніндегі SIPRI дерекқоры — 1950 жылдан бері мемлекеттерге, халықаралық ұйымдарға және мемлекеттік емес топтарға кәдімгі қару-жарақтың негізгі түрлерін халықаралық жеткізу туралы дәйекті ақпарат беретін жалпыға бірдей қолжетімді жалғыз ресурс.
Бұған дейін Қазақстанның Қорғаныс министрлігі 2020-2022 жылдарға арналған бюджетке салынған 961 миллиард теңгені неге жұмсайтынын айтқан болатын.