ОББ деректеріне сәйкес, туу көрсеткіші бойынша әлем елдерінің рейтингінде Қазақстан 229 елдің ішінде 105-ші орында тұр. Қазақстанда 10 мың адамға орта есеппен 164 нәрестеден келеді. Мұндай деректерді Finprom.kz сарапшылары келтіреді.
Туу көрсеткіші бойынша Нигер (10 мың тұрғынға шаққанда 475 нәресте), Ангола (427) және Уганда (423) рейтингіде көш бастап тұр. Рейтингте соңғы орынға Монако (барлығы 64 нәресте) жайғасқан.
ЕАЭО елдері арасында Қырғызстанның көрсеткіші Қазақстанға қарағанда жақсырақ: мұнда 10 мың адамға шаққанда 206 сәбиден келеді. Арменияда — 119, Ресейде — 100, Беларусьте — 95 сәби.
2020 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда 386,9 мың нәресте дүниеге келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп.
Өңірлер бойынша ең жоғары туу көрсеткіші Түркістан облысына тиесілі (14,3 пайыз): 55,3 мың, оған қоса жылына 8,5 пайыз. Одан кейін Алматы облысы (49,1 мың нәресте, плюс 6,4 пайыз) және Алматы (32,3 мың, плюс 2,9 пайыз).
Елімізде өткен жылдың 11 айында 1 жасқа дейінгі 3 мың нәресте қайтыс болды — өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға аз. Оның ішінде қайтыс болғандардың 63,1 пайызы қала халқына, 36,9 пайызы — тиісінше ауыл халқына тиесілі.
Елдегі нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 7,79-ға тең. Еліміздің 17 аймағының 8-інде коэффициент республикалық орташа деңгейден жоғары. Сәбилер өлімінің ең жоғары деңгейі Қостанай облысында: 1000-ға нәрестеге шаққанда 10,96.