Лаңкестердің көзін жою бойынша жүргізілген арнайы операция құпиясыздандырылды

ҚР ҰҚК 2005 жылы лаңкестердің көзін жою бойынша жүргізілген құпия операцияның егжей-тегжейлі мәліметтерін жариялады.

Арнайы операция барысында тәжірибелі барлаушы Сапарғали Әубәкіров қаза тапты.

90-шы жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда терактілерді жоспарлаған Орталық Азия елдерінің радикалдар тобы туралы мәліметтерді білген.

Ауғанстан-Пәкістан шекарасы маңайында жиһадшылар діни және әскери дайындықтан өтіп отырған әскери лагерлер болды. Радикалдардың насихаттық торларына қазақстандық азаматтарды да түсіп алған.

Алдымен жедел уәкілдер содырлар лагерлеріндегі Қазақстан азаматтары туралы барлық қажетті ақпаратты жинау қиынға соқты. ҰҚК «Айсберг» операциясының жоспарын әзірледі. Оны жүзеге асыру үшін тікелей барлау ортасында болатын агент қажет болды.

Сөйтіп Сапарғали Әубәкіровке үміт артылды. Оны Оңтүстік Азияның бір еліне жіберілді. Онда ол содырлар қатарында жүрген Қазақстан азаматтары туралы барлық қажетті ақпаратты сәтті жинады.

Ол Орталық Азия елдерінде жасалмақ болған лаңкестік шабуылдардың алдын алып, жүздеген адамның өмірін сақтап қалды.

«Шығыс Түркістанның ислам партиясы» халықаралық террорлық ұйымы мүшелерінің қатерлі мақсаттарын жүзеге асыруға подполковник Әубәкіров 2005 жылы қаңтар айында кедергі жасай отырып, радикалдардың қолынан қаза тапты», — деп хабарлайды ҰҚК.

Тәжірибесі мол барлаушының терроршылардың қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат Орталыққа түскеннен кейін ҰҚК Сыртқы барлау қызметі барлық басшыларды және жедел құрамды шұғыл түрде дабыл бойынша көтерді. Жас барлаушылардан және тәжірибелі жедел қызметкерлерден тұратын арнайы топ құрылды, «Нысан» деген шартты атау алған барлау операциясы, Сапарғали Әубәкіровтың өліміне қатысты барлық адамдарды іздеуге кірісті.

Офицердің өмірінің соңғы күндері тыңғылықты түрде зерттелді, барлық байланыстарына талдау жүргізе отырып, оның өліміне қатысты адамдарды анықтап жауапкершілікке тартты.

2021 жылдың тамыз айында ҰҚК терроризмді насихаттады және діни араздықты қоздырды деп төрт адамды ұстаған болатын. Комитеттегілер айтып өткендей, қазір елімізде 40-тан астам қылмыстық топ әрекет етеді.

Добавить комментарий