Латвия билігі Украинадағы агрессияны қолдаған Ресейдің 35 азаматына елге кіруге тыйым салды.
Персона нон грата тізіміне енгізілген адамдардың арасында Надежда Бабкина, Александр Маршал, Шаман, Лера Кудрявцева және басқа да әнші, тележүргізуші, актер, саясаттанушылар мен журналистер бар.
Ресейдің Украина аумағындағы соғыс қимылдарын қолдауына байланысты олардың Латвияға кіруіне белгісіз мерзімге шектеу қойылды.