Қырғызстанның экс-президенті шетелде ем алады

Қырғызстанның сотталған экс-президентіне шетелдік мамандардың қолында емделу үшін елден кетуге рұқсат берілді.

Анықтама! Атамбаев 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Соңғы уақытқа дейін ол жазасын колонияда өтеп жатқан.

«Атамбаевқа шетелге шығуға рұқсат берілді. Бүгін, 14 ақпанда Бірінші Май аудандық соты тиісті шешім қабылдады», — делінген сейсенбі күні хабарламада.

13 ақпанда Қырғызстан Жоғарғы сотының сот алқасы судья Кенешбек Тоқтомамбетовтың төрағалығымен Азиз Батукаевтың ісі бойынша үкімнің күшін жойды, яғни сот Атамбаевтың қорғаушыларының өтінішхатын қанағаттандырды.

«Бұған дейін Алмазбек Атамбаевтың адвокаттары соттан оған шетелге емделуге шығуға рұқсат беруді сұраған болатын», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік! 2020 жылдың 23 маусымында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жемқорлыққа кінәлі деп танылып, 11 жыл екі айға бас бостандығынан айырылды. Қырғызстан Республикасының бұрынғы президентіне тағылған айыптардың ішінде криминалдық авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босату бар.

Добавить комментарий