Кемеров облысында «Листвяжная» шахтасында төтенше жағдай салдарынан адамдар қаза тапты.
Соңғы деректер бойынша, кем дегенде 11 адамның қаза болғаны белгілі.
45 адам зардап шекті, оның төртеуі ауыр халде жатыр.
ТЖМ мәліметінше, шахтада барлығы 285 адам болған, 239 адам эвакуацияланды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
250 метр тереңдікте түтін шыққан. Төтенше жағдайға көмір шаңының өртенуінен туындаған. Желдеткіш арқылы түтін бүкіл шахтаға тарады, жарылыс болған жоқ, зақымданған жоқ.