Батыстың саясаттанушылары Ресей ядролық қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын айтты

«Кремльдің Украинада бастаған соғыс сценарийі ресейлік сценарий бойынша жүрмей жатыр. Украинаның Қарулы күштері ресейлік басқыншыларға тойтарыс бере алды. Қазіргі таңда соғыс алаңының кейбір учаскелерінде украиналық әскерилер контршабуылға шықты. Америкалық, британдық және украиналық барлау қызметі берген ақпаратқа сәйкес, ресейлік басқыншылар Украинаға баса-көктеп кірген кездегі жауынгерлік әлеуетінің кемінде үштен бірінен айырылды», — деп мәлімдеді украиналық БАҚ.

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Ресей армиясының шығыны 30 пайызды құрағанын, ол элиталық корпустың – десантшылар, теңіз жаяу әскерлері, арнайы жасақтардың орта есеппен 35 жастағы офицерлер мен сержанттар екенін айтты.

«Кремль жаяу әскермен қалағанына қол жеткізе алмаған соң, бүкіл әлемге қоқан-лоқы көрсете бастады. Алдымен Мәскеу әлемдік қоғамдастыққа өзінің ядролық қаруымен қоқан-лоқы жасады. РФ-ның шенділері оны қолдануға дайын екенін айтты. Содан кейін Кремль Украинаның Қара теңіздегі порттарын бұғаттап, Украинаның батыстағы серіктестерінің санкциялық саясатты жеңілдетуі үшін, азық-түлік дағдарысын қолдан жасады.

Бүгінгі таңда Ресей әскерлері алға жылжып, жаңа аумақтарды басып ала алмай отыр, сонымен бірге орасан зор адам күші мен техникасынан айырылды. Сондай-ақ уақытша басып алынған Украина аумақтарында жергілікті халықты паспорттау (украиндарға Ресей паспорттарын беру), сондай-ақ референдумдар өткізу жөніндегі жоспарлар сәтсіз орындалуда», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.

Кремль жаяу әскермен қалағанына қол жеткізе алмаған соң, бүкіл әлемге қоқан-лоқы көрсете бастады

Оның пікірінше, бұл «Кремльді ядролық қоқан-лоқы жасауға мәжбүр етті».

Соғыс қимылдары басталғанда Запорожье АЭС Ресей әскерилерінің бақылауына өткен және әлі күнге дейін жағдай өзгермеді, ол әлі күнге дейін ресейлік әскерилердің бақылауында. АЭС аумағында әскери техника мен оқ-дәрілер орналастырылған.

«Ресейлік әскерлердің ДАРЖ-бен атқылауы ЗАЭС қауіпсіз жұмыс істеуіне зор қауіп төндірді», — деп жазады украиналық БАҚ ресейлік әскерилердің АЭС-ті атқылағанын мәлімдеп.

«Өркениетті әлем елдері РФ-ны АЭС аумағынан әскерлерін шығарып, атқылауды тоқтатуға шақырады, себебі ресейлік басқыншылардың бұл әрекеттері Чернобыль АЭС-і мен Жапониядағы Фукусимада болған апаттармен салыстырғанда әлдеқайда ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Өз кезегінде РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев Мәскеу Запорожье АЭС төңірегінде демилитаризацияланған аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамайтынын мәлімдеді.

«Путин режимі миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіре отырып, Украинаға және бүкіл әлемге қоқан-лоқы көрсетуде. Өз кезегінде Ресейдің қоқан-лоқысы лаңкестікке қарсы тұру жөніндегі жаһандық күш-жігерді одан әрі нығайтады. Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынады деп күтілуде және бұл өркениетті әлемді одан әрі оқшаулайды», — деп мәлімдейді шетелдік сарапшылар.

Добавить комментарий