Ресей билігі соғыс басталғалы бері Украина аумағындағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқандардың саны туралы толық ақпарат бермеді. Кең ауқымды соғыс қимылдары басталғалы 20 айдың ішінде РФ Қорғаныс министрлігі қарулы қақтығыс кезінде қанша ресейлік қаза тапқанын бірнеше рет хабарлаған. Украинаның барлау ұйымы соғыс уақытында бірнеше рет ғана жарияланған адами шығындар туралы деректер азайтылып көрсетілген деп мәлімдеді.
Соғыс басталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң некрологтар ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында деректерді жариялай бастады. Олардың саны көп болғаны соншалық, ресейліктердің жаппай наразылығын тудыруы мүмкін еді. Соғыс алаңында қаза болғандар туралы деректер жарияланбады.
Осылайша адам шығыны туралы деректі ғана емес, соғысқа алаңына депрессивті аймақтардан адамдар аттанатып жатқанын да жасырып жатыр.
Кейбір тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, РФ президенті әкімшілігі мемлекеттік және билікті жақтайтын БАҚ-қа соғыстан оралған ресейліктер жасаған қылмыстары туралы жаңалықтар жарияламауға жаңа тапсырма берген. Бірінші кезекте түрлі жеке әскери құрылымдар қатарында соғысқан ресейлік әскерилер, сондай-ақ билік рақымшылық жасаған тұтқындар туралы сөз болып отыр.
Ресейде соңғы уақытта айуандықпен жасалған қылмыстар, соның ішінде Украинадан оралғандар жасаған қылмыстар саны артқаны байқалады.
Мәселен, соғыстан оралған жауынгер «Вагнер» ЖӘК жауынгері төрт жасар өгей қызын өлтірді. Ер адам әйелі бірінші некесінен туған қызын қатты жақсы көрді деп есептеп, балақайды қызғаныштан өлтірген. Тағы бір «вагнерші» Олег Гречко соғыстан қайтып оралғаннан кейін әпкесіммен ұрысып қалып, кейін оның үсітне бензин құйып, өртеп жіберген. Былтыр Гречко кісі өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айыпылған, бірақ ол соғысқа аттанып, рақымшылыққа ілікккен.
Қыркүйек айында «Вагнер» ЖӘК жалдамалы әскери қызметкері Игорь Софонов танысымен бірге алты адамды өлтірді. Содан кейін олар қылмыстың ізін жасыру үшін денелерді өртеген. Сафонов та бұған дейін сотты болған. Бұл «АӘО ардагерлері» жасаған қылмыстардың бер жағы.
Сарапшылардың пікірінше, РФ-да қылмыс саны арта береді.