Түркі әлемі — Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты бағыттардың бірі, деп есептейді сарапшылар

Ресей-Қазақстанның қарым-қатынасы туралы сөз болғанда РФ мен ҚР Президенттері үнемі қос ел арасындағы берік одақтастық орнағанын, сондай-ақ халықтары жақын дос әрі бауыр екенін айтады. «Дегенмен Ресей мен Қазақстанның өзара қарым-қатынасында проблемалар бар және ол жүйелі сипатқа ие. Оған Ресейдің сыртқы және ішкі агрессивті саясаты себеп болып отыр. Соның салдарынан Мәскеу Батыс елдерімен қақтығыстып тұрады, осыған байланысты Ресей Федерациясына қарсы көптеген санкциялар салынды. Кремль ЕАЭО арқылы Қазақстанды осы геосаяси қақтығысқа тартпақ. Қазақстан егемендігін сақтап қалу үшін Ресейден алшақтауға тырысуда. Қазақстан үкіметі Ресейге тәуелді болуды жоспарлап отырған жоқ», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі Батыспен қарым-қатынасын дамытуға ерекше көңіл бөлуде, сондай-ақ ҚР сыртқы саясатында Түркі интеграциясы да маңызды фактор табылады. ҚР түркі интеграциясына ұмтылуының айқын көрінісі, бұл Түркістанды дамыту, ол тек Орталық Азия мемлекетінің ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің рухани астанасы деген мәртебесі бар. Қазіргі уақытта қалаға бюджеттік және жеке салымдарды қамтитын қомақты инвестиция бөлінуде.

Фото: Қазақстанның түркі интеграциясына ұмтылысының айқын белгісі– рухани астана мәртебесін алған Түркістанды дамыту

Көктемнің басында Түркі кеңесінің бейресми саммитінде президент Тоқаев түркі өркениетін жаңғыртуды бастау қажеттігін айтып, Түркі әлемін XXI ғасырдың маңызды экономикалық кеңістіктерінің біріне айналдыруға шақырды. Сондай-ақ, Тоқаев аталмыш саммит барысында түркі өркениетін жаңғыртуды әлемді Ясауи мұрасымен және қасиетті Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырды. Дәл осы саммитте Түркістан рухани астана деген мәртебеге ие болды.

Түркі интеграциясы, әрине, бір түртіп қоя салатын мәселе емес, ол көптеген аспектілер бойынша егжей-тегжейлі пысықтауды талап етеді: саяси, экономикалық және мәдени. Дегенмен Түркі әлемін одан әрі дамыту Қазақстан үкіметінің маңызды міндеті болып табылады. Бірінші кезекте бұл ҚР-ға экспорт көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Екіншіден, сыртқы саясатын неғұрлым әмбебап және икемді жүргізуге мүмкіндік пайда болады. Сондай-ақ, «Тұран дәлізі» — Адриатикадан Қытайға дейінгі түркі кеңістігі, ол Еуразияның екі ірі негізгі нарығы Еуропа мен Шығыс Азия арасындағы құрлықтық қатынаста негізгі құрамдас бөлікке айналады. Аталған бағыт бойынша Азия мен Еуропа арасындағы жүктерді қысқа уақытта және жылдам жеткізуге болады.

«Тұран дәлізі» Қазақстан мен басқа да түркі елдері үлкен экономикалық дивидендтер береді.
«Батыс елдерімен өзара қарым-қатынасты нығайту және Түркі интеграциясын дамыту Нұр-Сұлтанға Мәскеудің ықпалын бәсеңдетуге мүмкіндік береді және осылайша олардың ұлттық мүдделерін негізге ала отырып, саяси және экономикалық шешімдер қабылдау мүмкіндігіне септігін тигізеді», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий