Коронавирустық инфекциядан көбінесе баяу жүретін адамдар қайтыс болады екен.
Лестер университетінің британдық ғалымдары баяу жүретін адамдардың тез жүруді қалайтындармен салыстырғанда COVID-19-дан қайтыс болу мүмкіндігі төрт есе жоғары екенін анықтады.
Сарапшылар салмақ пен жүру қарқыны арасындағы байланысты зерттей отырып, ұлыбританиялық биобанкідегі (40 жастан 69 жасқа дейінгі жарты миллион азаматтың медициналық және гендік мәліметтер базасы) 412 мыңнан аса адамның көрсеткіштеріне талдау жасаған.
Мамандар баяу жүретін адамдар коронавирустан 3,75 есе жиі қайтыс болғанын анықтады. Бұдан басқа, артық салмағы жоқ, бірақ баяу жүретін адамға қарағанда артық салмағы бар, бірақ тез жүретін адамдардың COVID-19-дың ауыр түрін жұқтыру 2,5 есе жоғары.
Бұл ретте қалыпты салмақтағы, сонымен қатар артық салмағы бар баяу жүретін адамдарда да қауіп бірдей жоғары болды
Ғалымдардың пікірінше, тез жүретін адамдардың жүрек-тамыр жүйесі мықтырақ болады, бұл ауруға төтеп беруі мүмкін. Алайда алынған нәтижелердің нақты себебі әлі де түсініксіз болып отыр, деп мойындады зерттеушілер.