Алматыда мониторинг топтарының жұмысы күшейеді

Алматыда 24 мониторинг тобы күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында күшейтілген режимде мониторингтік топтар жұмыс істейді. Қала бойынша аудан әкімдіктерінің жанынан 24 мониторинг тобы жұмыс істейді. Топтар күнделікті рейдтік шаралар  өткізіп отырады», — делінген ақпаратта.

Мониторинг тобының мамандары СОО-ны, тамақтану орындарын және карантин жеңілдетілгеннен кейін жұмыс істеуге рұқсат етілген басқа да объектілерді тексереді. Сондай-ақ, олар бетперде режимінің сақталуын қадағалайды.

«Тексеру нәтижелері бойынша 698 нысанның қызметі анықталған бұзушылықтардан кейін өз еркімен тоқтатылды, 3371 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның ішінде заңды тұлғаларға — 119 айыппұл, жеке тұлғаларға — 3252 айыппұл, соның ішінде бетперде режимін бұзғаны үшін де айыппұл салынды», — делінген әкімдікте.

Добавить комментарий