Швейцариялық Logitech компаниясы Ресей нарығынан кететінін жариялады, дегенмен жағдай қайта тұрақтанған соң қайта оралатынын жоққа шығармайды.
«Жағдай тұрақтанған соң, бір күні қайтып келуге үміттіміз», — деп мәлімдеді компания.
Швейцариялық компьютерлік периферия мен геймерлерге арналған құрылғыларды өндіруші Logitech Ресейде өз жұмысын тоқтатады, бірақ жағдай тұрақтанған соң қайтып келуге үмітті. Бұл туралы «РИА Новости» компанияның баспасөз қызметінің мүшесі Бен Старкаға сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады РБК.
2 сәуірде Logitech Ресейге техника жеткізуді тоқтататынын жариялады.
«Өңірде ұзақ жылдар бойы жұмыс істедік, енді жағдай тұрақтанған соң, бір күні қайтып келуге үміттіміз», — деді Бен Старки.
Бұған дейін АҚШ-тың Dell Technologies сервер жеткізуші Ресейде жұмысын толық тоқтатқаны хабарланған болатын.
«Тамыздың ортасында біз өз кеңселерімізді жауып, Ресейдегі барлық операцияларды тоқтаттық. Ақпан айында біз Ресей, Беларусь, Донецк және Луганск облыстарында және шектеуге ұшыраған Қырымға өнім сатпау, қызмет көрсетпеу және қолдау көрсетпеу туралы шешім қабылдадық», — деді Dell өкілі Майк Симиенас.