Аружан Сахариянова — қазақстандық экология қорғаушысы

Жеке мектептің 10-сынып оқушысы Аружан Сахариянова өзінің құрдастары мен ересектері арасында минимализм идеясын насихаттап, батыс елдерінде Zero waste («зироу уэйст») ағымын танымал етті. Ол «нөл қалдықтар» дегенді білдіреді, яғни әрқайсымыз шығаратын қоқыс көлемінің қысқаруы. Қыз мұны өзінің жеке мысалында көрсетеді. Қазақстандық оқушы қызды тіпті батыс елдері үкіметтері алдындағы экология мәселесін белсенді көтеретін 17 жастағы швед Грета Тунбергпен салыстыра бастады.

«Бәрі менің экология тақырыбында көптеген мақалаларды оқи бастауымнан басталды, мысалы, Қазақстанда қоқыс өңдейтін зауыттар аз және полигондарда көп қоқыс тасталады, немесе мемлекеттің экология мәселелерін шешуді қолдайтын әлемдегі жастардың сөйлеген сөздері, жаһандық жылыну, Жердің озон қабатындағы тесіктер туралы», — дейді Аружан.

Сенің өміріңе минимализм мен Zero waste идеялары қалай әсер етті?

Шын мәнінде осылай өмір сүру өте ыңғайлы. Мен бұл туралы үлкен қызығушылық танытатын достарыма айтқанды ұнатамын. Кез келген нәрсе сатып алған кезде, бұл маған әлі ұзақ уақытқа керек болама, әлде мен бұл затты бүгін кешке тастап жібермеймін бе деп ойланамын? Мысалы, әйелдердің косметикалық қалдықтары, мақта дискілері немесе құлақ таяқшалары көп, ал дискілерді матаға ауыстырып, содан кейін қайта жуып, пайдалануға болады. Тіпті Еуропа мен Америкада бос бөтелкелермен арнайы дүкендерге барып, оларды сумен, сусындармен қайта толтыруға болады. Жалпы, бұл табиғатта кәдеге жарату қиын өнімдерді ауыстыру немесе бірнеше рет пайдалану идеясы. Немесе, мысалы, блокноттар мен дәптерлерді қолданудың орнына, макулатура көлемін қысқарту үшін электрондық күнделікте жазба жүргізуге болады.

Сен қазір бұл проблемаларды өз деңгейіңде қалай көтеріп отырсың?

Биылғы жылдың ақпан айында мен Экология министрлігі ұйымдастырған эковолонтерлер жиынында презентациия жасадым. Мен күнделікті өмірде минимализм мен Zero waste тәжірибесін қалай қолдануға болатыны туралы айтып бердім. Қоқысты өңдеуге назар аударудың орнына, оны қысқарту дұрыс деп есептеймін. Кейде Instagram-дағы парақшамда осы тақырыптағы оқиғалар мен видеоларды жариялаймын. Сондай-ақ, біз мектебіміздің Eco-Club-пен бірге мектеп оқушыларының алдында сөз сөйледік.

Қазақстандағы ауқымды экологиялық проблемалардың бірі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, оның ішінде, мысалы, «АрселорМиттал Теміртау», «Қазмырыш» ластану проблемасы болып табылады. Бұл жөнінде не айта аласың?

Иә, бұл проблема маңызды және тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның байыпты көзқарасын талап етеді. Ел тұрғындарының өздері осы мәселерді шешуде неғұрлым белсенді болса, соғұрлым мәселелер тез шешілетін болады. Иә, Экология министрлігінің осындай кәсіпорындарда жасыл технологияларды енгізуге бастамашы болғаны жақсы. Өйткені мұндай жобалар көбінесе қағазда қалады және одан әрі жылжымайды. Сонымен қатар, дамыған елдерде экология мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Онда тіпті тұрғындарды қоқыс жәшіктеріне аз қалдықтарды тапсыруға ынталандырады. Мәселен, Оңтүстік Кореяда қалдықтардың аздығы үшін тіпті ақшалай сыйақы береді. Маған олардың жүйесі ұнады, менің ойымша ол өте тиімді. Тамақ қалдықтары үшін цифрландырылған жәшіктер тұрады, әрбір тұрғын өз кодын, үйінің, пәтерінің нөмірін енгізіп, қоқыс тастайды. Қалдықтар граммен өлшенеді, содан кейін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу туралы хабарламаға шығарындылар үшін сома енгізіледі.                                                                                               Бұл экологиялық ойлаудың мүлдем басқа деңгейі. Біз осыған бұл деңгейге жетуіміз керек.

Өзің көтерген экология тақырыптарына айналасындағылардың қызығушылығын көресің ба?

Негізінен жастар, жасөспірімдер, балалар қызығушылық танытады. Ал ересектердің қызығушылығын мен сирек байқаймын, олар бұл өз өмірінде бір нәрсені өзгертуге үлкен қолайсыздық әкеледі деп есептейді.

Сенің бастамаңа және үйреншікті өмір салтынан бас тартуға ата-анаң қалай қарады?

Бастапқыда олар, әрине, таң қалды, өйткені олар да өз өмірінде бірнәрсені өзгертуі керек еді. Мен оларға қоқысты қалай сұрыптау керектігін, оны өңдеу үшін белгілі бір нүктелерге апару керектігін айта бастадым, себебі көшедегі қарапайым қоқыс жәшіктеріндегі қоқыстардың бәрі бір машинаға тасталып, жай ғана полигонға шығарылады. Әрине ата-аналарыма ыңғайсыз болды, олар бәрін бір пакетке тастайды, ал мен осының бәрін шығарып тастап сұрыптаймын, кейін мені сол нүктелерге апаруды сұрауға тура келді. Қазақстандағы кейбір нүктелер сіз тапсыратын қоқыс көлемі үшін төлейді. Менде «ЭкоСити» арнайы қосымшасы бар, онда осы қабылдау нүктелері көрсетілген.

Ата-анам бір жарым-екі жыл бұрын мен еттен бас тартып, вегетариан болатынымды айтқанымда таң қалды. Бұл да оларға біраз жайсыздық әкелді, бірақ мен оларға бұл әдеп таңдауы екенін айттым, мен ет тағамының экологияға, жануарлар өміріне әсері туралы қатты ойландым. Мен темір деңгейінің төмендеуі, вегетариандық тағамға ауысқандардың әлсіздігі сияқты салдарды оқыдым, бірақ етті өсімдік ақуызы, тағамдық қоспаларға ауыстыруға болады. Осылайша, анам менің тамақтану рационыма, авокадоға, тофаға бұршақ қосты, біз сондай-ақ ет дәміне ұқсас, бірақ көкөністен жасалған азық-түлік бар дүкендерді таптық.

Экология тақырыбын одан әрі ілгерілетуге сенің қандай жоспарларың, ниеттерің бар?

Мен биыл жазда Instagram аккаунтым мен Youtube-арнамды белсенді түрде жүргізіп, мектептерде өз презентацияларым мен идеяларымен сөз сөйлеуім керек деп ойлаймын.

Сенің құрдастарың бәрі бұл идеяларды оң қабылдай ма, әлде теріс пікір білдіретіндер бар ма?

Иә, мұндайды көбінесе мазақ етіп, шынайы қабылдамай, неге уақыт құртып, осындай ұсақ-түйек нәрселерге күш саламыз? Олар экологияны маңызды мәселе деп санамайды және бұл бағытта ерекше күш-жігерсіз және өз өмірінде өзгеріссіз әрі қарай өмір сүруге болады деп ойлайды. Мен мұндай адамдармен бейбіт диалогқа шығуға немесе жай ғана назар аудармауға тырысамын.

Осы бағытта өзіңді қалай дамытпақшысың?

Болашақта Әлемдік мұхит, теңіздер экологиясын зерттеу мамандығына түсіп, өз өмірімді осымен байланыстырамын деп ойлаймын. Мен көп балық аулау туралы оқыдым, мұхиттарда балықтан қарағанда пластик көп, бұл олардың өліміне алып келеді. Сондай-ақ мен ғаламдық жылыну мен озон тесіктерінің әсері әсер ететін маржан рифтері туралы оқыдым.

Қазір мен мұхиттағы экожүйе, Global Food Change, соның ішінде вегетариандық, тамақтанудың денсаулыққа әсері, Еуропадағы Zero Waste белсенділерінің жаңа бастамалары туралы ағылшын тіліндегі дереккөздерін оқып жүрмін. Аталмыш тақырыптардың біздің елде танымалдылығының жоқтығыннан, бұл тақырыпта орыс тілінде көп материал жоқ. Сондықтан мұхит проблемаларын зерттеу факультеттеріне американдық жоғары оқу орындарына — Бостон, Калифорнияда оқуға түсуді ойлаймын.

Сенің ойыңша, қазақстандықтардың өз ойларын экологиялық тұрғыдан өзгертуге не кедергі келтіреді немесе керісінше көмектеседі?

Бірінші кезекте өз еліне қамқорлық жасауға көмектеседі. Ал, ең алдымен, тамақтану мәдениеті мен тұрмыстық мәселелерді шешу жүктемесі кедергі келтіреді.

Аружан, сені швед оқушысы Грета Тунбергпен салыстырады, ол экологияның жағдайын жақсарту үшін ет пен әуе ұшақтарынан бас тартты. Сен осы мақсаттар үшін тағы неден бас тартуға дайынсың?

Мен Гретаның ұшақтарды пайдаланбау үшін теңіздер арқылы жүретінін оқыдым. Менің ойымша, әуе ұшақтарынан бас тарту өте қиын, мүмкін мен болашақта осыған келуім мүмкін. Бірақ әзірге менің күнделікті өмірімдегі пластиктен толық бас тартып, менің отбасыма көп реттік ыдысқа толық көшуге, қағазды пайдалануды электронды ақпарат тасығыштарға ауыстыруға, электронды бұлттардағы жазбаларды сақтауға көмектесемін деп ойлаймын. Киімдерімнің санын қысқартуды жоспарлап отырмын, өйткені оны өндіруге де су және басқа ресурстар көп кетеді, бірақ, соған қарамастан, әлемде киім-кешектерді жай ғана қоқыс үйінділеріне тастайды.

Добавить комментарий