Степногорск қаласының тұрғындары Нұрлан Сабуров қала әкімінің міндетін атқара алады деп есептейді.
Тұрғындар ерекше мәлімдеме жасады — олар белгілі комик Нұрлан Сабуровты қала әкімі лауазымына сайлауға қатысуды ұсынды.
Жеңіске жетесіз деп сенеміз. Сіз де Степногорск қаласынан түлеп ұштыңыз, — дейді олар.
Степногорск қаласында және оның маңайында бірқатар проблема бар: экология, құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйлер, ТКШ, абаттандыру жұмыстары.
Қалаға тың көзқарастағы басшы керек, — деді қоғам белсенділері.
Сабуровтың кандидатурасы кездейсоқ таңдалмады — комик құрамында ПХД және ТОЛ бар қалдықтарды кәдеге жарату кешенінің құрылысына қарсы болған қала тұрғындарын қолдады. Нәтижесінде олар дегендеріне жетті.