Батыс елдерінің саясаттанушылары Қазақстанның демократияны қалыптастыруын жоғары бағалады

Қазақстан қазіргі таңда посткеңестік кеңістіктегі Ресейге өте адал мемлекеттердің бірі болып келеді. Батыстың саясаттанушылары бұл ұзаққа созылмайды деп есептейді.

«Нұр-Сұлтан Кремльдің жақын көршілеріне және Батыс елдеріне қатысты агрессивті сыртқы саясатын қолдамайды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан мен Мәскеудің ішкі саясатқа деген көзқарасы мүлдем бөлек», — дейді саясаттанушылар.

Ресей билігі беделді «Мемориал» құқық қорғау ұйымын жоймақ. РФ Бас прокуратурасы Жоғарғы сотқа «шетелдік агент» туралы заңнаманы жүйелі түрде бұзған «Мемориал» ұйымын тарату туралы талап-арызбен жүгінді. Осыған байланысты шетелде Ресейді қатаң сынға алды. Мәселен, Германияда неміс саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері Ресейдегі ең беделді және белгілі үкіметтік емес ұйымдардың бірін қудалауды тоқтатуды талап етті.

Фото: Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің демократияны қалыптастыру жолындағы көзқарастары мүлдем өзгеше

Біріккен Ұлттар Ұйымы да үнсіз қалмады. Құқық қорғаушылардың жағдайы туралы арнайы баяндамашы қызметін атқаратын Мэри Лоулор РФ-ға құқық қорғау ұйымдары жабыла беретін болса, бұл ашық түрде БҰҰ құндылықтарын «тапталуы» болатынын ескертті. Таяуда ғана Батыс Ресейді Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі ең ірі конференцияның жұмысын тоқтатты деп айыптады.

«Көріп отырғанымыздай, Ресейде билік басындағылар бүкіл әлемге демократиялық құндылықтарға деген көзқарасы қандай екенін көрсетті. Ресей үкіметінің халықтың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге, сондай-ақ сөз бостандығын шектеуге бағытталған заңдардың қабылдануы Нұр-Сұлтан үшін солтүстік көршімен қарым-қатынаста сақ болуы керек екенінің және батыс мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатуға деген айқын белгі болып табылады», — деп кеңес береді батыстық саясаттанушылар Қазақстанға.

Фото: Батыстық саясаттанушылардың пікірінше, Қазақстан мен Ресейдің демократияны қалыптастыру жолындағы көзқарастары мүлдем өзгеше

«Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі бірінші кезекте азаматтардың мүддесін тұратын мемлекет құруда. Қазақстан үкіметі бүкіл әлем мемлекеттік басқарудың жаңа дәуіріне өткенін түсінеді, яғни мемлекеттің басқару институттары мен құралдары өзгеріп, заманға сай бейімделіп, бірінші кезекте азаматтардың мүддесі тұрады. Қазақстан заманға сай дамып, әлемдік заманауи үрдістерге сәйкескелетін демократиялық қоғам қалыптастырмақ. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚР-да «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылуда, — деп батыстық сарапшылар Қазақстанның шенділерінің жұмысын жоғары бағалады.

Добавить комментарий