Қарағанды облысында шетелдік азамат AK-159/5 түзеу колониясының аумағына кірмек болғанда ұсталды.
Хабарланғандай, ер адам АК-159/5 түзеу мекемесінде қамауда отырған сотталушымен қысқа мерзімді кездесуге келген.
Өзін сотталушының танысымын деген ер адам түзеу мекемесінің аумағына «Ashyq»-та жалған мәртебесін көрсетіп, тіркеусіз кірмек болған.
Карантиндік шараларды сақтау мақсатында мекеме қызметкерлері ер адамға колония аумағына өту ережелерін таныстырып, «Ashyq» мобильдік қосымшасы арқылы өтуді ұсынды, QR-кодпен жасыл мәртебесін көрсетті, бұл оның вакцина салдырғанын және қауіпсіз екендігін көрсетеді.
Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан бақылаушысы оның электрондық деректерін тексергенде жалған қысқаметражды видеоны көрсеткенін, ал жасыл мәртебе жалған екенін анықтады. Ер адамның мәртебесі көк болып шықты. Артынша құжаттары мен төлқұжат мәліметтерін тексеру кезінде ер адамның шетелдік екендігі және ҚР аумағында болу үшін уақытылы тіркелмегенін анықтады.
Ақпарат дереу Абай ауданының көші-қон полициясы бөліміне жолданды, онда көші-қон қызметкерлері шетелдіктің тіркеуде жоқ екенін растады. Осы факті бойынша ер адамға қатысты ӘҚБ туралы ҚРК-нің 517-бабы 2-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік материал толтырылды. Заң талаптарын бұзғаны үшін ер адамға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе республика шегінен әкімшілік жолмен шығарылады, — деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша AK-159/5 ҚАЖД мекемесінің бастығы Игорь Бендерский.