СҚО-да жас жігіт өгей әкесімен бірге ішімдік ішкен, кейін олардың арасында жанжал шығып, артынан жас жігіт қарсыласын пышақтап өлтірген.
Солтүстік Қазақстан облысында 24 жастағы жігіт өгей әкесін пышақпен өлтірді.
Аталған қылмыс 18 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында орын алды.
Облыс прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов хабарлағандай, Явленка ауылының 24 жастағы тұрғыны 46 жастағы өгей әкесімен бірге ішімдік ішкен. Олар жанжалдасып қалып, артынша жас жігіт өгей әкесін көптеген пышақ жарақатын салды,ер адам сол жерде қайтыс болды.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды», — деп хабарлады қадағалау органы.