Молдова президенті Игорь Додон өз жақтастарын елордадағы жаппай шеруге шақырды. Ол ағымдағы жылдың 15 қарашасына жоспарланған президенттік сайлаудың екінші кезеңі алдында демонстрация өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы ол бейсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Жұма күні біз Кишиневтің орталығында жаппай шеру өткізуді жоспарлап отырмыз. Бірнеше мың адам шығады – әрине арақашықтық сақтайды», — деді ол.
Молдованың Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 1 қарашада өткен сайлаудың бірінші кезеңінде президенттікке үміткерлердің ешқайсысы дауыс берушілердің 50%-дан астам дауысын ала алмаған. Сондықтан жеңімпазды анықтау үшін 15 қарашаға жоспарланған екінші тур өткізу қажет болды. Оған Іс-қимыл және ынтымақ партиясының жетекшісі Майя Санду қатысады, ол бірінші турда 487 мың дауыс жинады, Додон 439 мың дауыс жинады.