
Аустралия ресейліктерге қарсы санкция салғанын мәлімдеді. Санкциялық тізімге РФ-ның 39 азаматы енді.
Бұл жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген кейбір ресейлік азаматтарға, сондай-ақ, Аустралия билігі заңгер Сергей Магнитскийдің өліміне «қатысы бар» деп таныған адамдарға қарсы дербес санкциялардың алғашқы топтамасы. Сейсенбі күні Австралия СІМ басшысы Марис Пейн осылай деп мәлімдеме жасады.
Ведомство сайтында жарияланған құжатта министр Ресей азаматтарына «Сергей Магнитский әшкерелеген сыбайлас жемқорлық қылмыстарына, сондай-ақ оның өліміне қатысы бар адамдарға қарсы» бағытталған санкциялардың бірінші топтамасы салынғанын жариялады. «[Аустралия Үкіметі Магнитскийді еске алып, сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған 14 ресейлік азаматқа және оған аса қатыгездікпен қарауға және оның өліміне қатысы бар тағы 25 азаматқа қатысты мақсатты санкциялар мен тыйым салуларды енгізеді», — деді Пейн.
СІМ басшысы хабарлағандай, аустралиялық санкциялық тізімге енген РФ азаматтарының активтері мен есепшоттары бұғатталып, сондай-ақ Аустралия аумағына кіруге тыйым салу сынды бірқатар экономикалық шектеулер салынды. «Бұл Аустралияның бір ұстанымды ұстанатын елдердің санкцияларына тап болғандарға қауіпсіз баспана болмайтынына кепілдік береді», — деп баса айтты ол.
2012 жылы АҚШ-та «заң үстемдігі және Сергей Магнитский атындағы есеп беру актісі» қабылданды. Ол Вашингтонның көзқарасы бойынша, өз отанында адам құқықтарының бұзылуына кінәлі ресейлік лауазымды тұлғаларға қатысты біржақты санкция салуды көздейді.