Killnet хакерлері Молдованың Ақпараттық технологиялар қызметінің сайтын бұзды

Killnet хакерлік тобының хабарлауынша, шабуыл нәтижесінде Молдавияның Ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік қызметінің (STISC) сайтын бұзып кірген.

Бұған дәлел ретінде бейсенбі күні хакерлер Молдавияның Ақпараттық технологиялар және кибер қауіпсіздік қызметі сайтының жұмыс істемейтінін растайтын скриншотын Telegram-каналда жариялады.

Материал жарияланғанда ресурс қолжетімді болмады.

Хакерлер атап өткендей, бұған дейін STISC «соңғы 72 сағаттың ішінде мемлекеттік маңызы бар ақпараттық жүйелерге бірнеше кибершабуылдардың алдын алғанын» мәлімдеген болатын.

Күні кеше Killnet Молдавияда салық есебін онлайн-тапсыру үшін сервисті бұзғанын мәлімдеді.

Добавить комментарий