Қазақстанда Ұлттық банктің штаттық саны қысқартылды

Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан Ұлттық банкіндегі штаттық қызметкерлердің санын қысқарту туралы шешім қабылдады.

2022 жылғы 17 тамызда тиісті Жарлыққа қол қойылды, оған сәйкес ҚР Ұлттық Банкінің ережелері мен құрылымдарына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік мөлшерінде бекітілсін, — делінген құжатта.

Бұған дейін қаржы реттеушісі мен оның филиалдарының штат саны 2587 бірлікті құраған.

Добавить комментарий