Киевте мектеп оқушылары ел аумағындағы энергетикалық дағдарысқа байланысты тек күндізгі уақытта ғана оқитын болады.
Киев мектептерінде оқушылар сағат 09:00-ден 16:00 арасында оқиды. Бұл туралы Киев қалалық мемлекеттік әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жарықтың өшуіне байланысты мектептерде офлайн-оқыту сағат 09:00-16: 00 аралығында болады. Бастауыш сынып оқушылары үшін — сабаққа дейін және одан кейін — ұзартылған күн топтары болады», — деп хабарлады КҚМӘ төрағасының орынбасары Валентин Мондриевский.
Шенеунік күзгі демалыстан кейін Киев мектептеріне 236,4 мың оқушының 111,5 мыңы күндізгі оқу формасына қайта оралғанын айтты.
Сондай-ақ, КҚМӘ баспасөз қызметі 26 желтоқсан мен 27 қаңтар аралығындағы қысқы демалыс кезінде мектептер «жылыту жүйесін сақтап қалу үшін» аздап қана жылы ұстайтынын хабарлады. Бұл ретте мұғалімдер демалыс уақытында қалауы бойынша ақылы демалысқа шыға алады.