Кезектен тыс президент сайлауының күні белгіленді

Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлау күнін белгілеу туралы шешім қабылдады.

Кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтеді.

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы күзде Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды. Қабылданған түзетулерге сәйкес, ҚР-да президенттік мерзім жеті жылды құрайды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін», — делінген Жарлықта.

Добавить комментарий