Қазақстанда автокөліктерді жиі кәдеге жарата бастады

Қазақстанда қолданылған көліктердің саны 700 мың бірлікке жетті. Көптеген автокөлік иелері істен шыққан автомобильдерді қайта өңдеу қызметтерін пайдалана бастады.

Бұл туралы қолданылған машиналарды ұйымдастыру, тасымалдау және қайта өңдеумен айналысатын компанияда айтылды. Бір тәулікте оларға шамамен 200 көлік әкелінеді. Себебі көлік бірлігі үшін өтемақы сомасының үш есеге артуы.

Түрлі деректер бойынша, елімізде қолданылған көліктердің саны 700 мыңға жетті, яғни барлық көліктердің 80% жуығының жүрген шақырымы көп.

Талғар қаласының тұрғыны Талғат Қапуров бір күнде ауыл тұрғындарынан жинаған 6 машинасын металл сынығына тапсырды. Қабылдау пунктіндегі әрбір бірлік үшін оған жиынтығы мен маркасына байланысты 150 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін төленеді.

Екі айдың ішінде Қаскелеңдегі қабылдау пунктіне пайдалануға жарамсыз 1000-ден астам көлік әкелінді. Көліқтерді сұрыптап, престеп Қарағандыдағы зауытқа жібереді.

Маусым айынан бастап қабылдау пункттері жаңа ережелер бойынша жұмыс істеп, ең төменгі өтемақы сомасын 48 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін ұлғайтты.

Пандемияға қарамастан, көлікті кәдеге жаратуға тапсыратын азаматтардың саны артып келеді. Қазақстандықтар қабылдау пункттеріне күніне орташа есеппен 190 көлік, ал Қазақстан бойынша аптасына 1000 автокөлік әкеледі. «Жеңіл машиналар» санаты үшін ақшалай төлем 200 016 теңгені, толық емес жиынтық 150 012 теңгені құрайды, — деп мәлімдеді «РОП операторы» ЖШС өкілі Жомарт Рахымжан.

Добавить комментарий