Канада 2023 жылдың маусым айында Сикх қауымының жетекшісі Хардип Сингх Нижардың өліміне Үндістанның арнайы қызметтерінің қатысы бар деген күдікпен Үндістанның жоғары лауазымды дипломатын елден шығарып жіберді. Канадалық СІМ басшысы Мелани Жоли Канада елдің ішкі ісіне ешкімнің араласуына жол бермейтінін және бұл оқиғаны тергеуде Үндістан тарапы ынтымақтастықта жұмыс істейді деп күтетінін атап өтті.
«Біз жоғары лауазымды үнді дипломатын Канададан шығардық», — деп мәлімдеді министр және аталған дипломат Үндістанның Солтүстік Америка еліндегі барлау қызметінің өкілі екенін айтты. Канаданың бұл қадамы елдің өз егемендігі мен азаматтарының мүдделерін қорғауға деген батыл шара қабылдауға дайын екенін көрсетеді.
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо парламентте Канаданың ұлттық қауіпсіздік органдары тергеу жүргізіп, Үндістан үкіметі агенттері Канада азаматы Хардип Сингх Нижардың өліміне қатысы бар болуы мүмкін деген қорытындыға келгенін мәлімдеді. Трюдо сондай-ақ Үндістан билігін оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін ынтымақтастыққа шақырды.
«Канада жерінде канадалық азаматтың өліміне шетелдік үкіметтің қатыстылығы егемендігімізге нұсқан келтіру болып табылады», — деп атап өтті премьер-министр.