Украинада Бандера бейнеленген медаль шығарылады

Украина билігі ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кәдесый медалін шығаруды мақұлдады.

Медальдің бет жағында КСРО символикасына қарсы келетін Украинаның кіші елтаңбасы бейнеленген. Артқы жағында — украин ұлтшылдарының басшысы Степан Бандераның бейнесі бар.

Медальдің сатылымға түскені туралы украиналық «Герольдмайстер» кәсіпорны хабарлады.

«Медальдің бет жағында Украинаның кіші елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде «Украинаға жасасын!» деген жазу бар, бүйірінде 1991 және 2021 жылдары жазылған″, — делінген дүйсенбіде кәсіпорынның сайты жариялаған сипаттамада.

Медальдің реверсінде, сайтта хабарланғандай, «жанып жатқан алау мен «Қаһармандар жасасын!» жазуының айналасында өз өмірлерін Украинаның тәуелсіздігі мен бостандығы үшін қиған тұлғалардың барельефтік портреттері орналасқан». Олар украин ұлтшыл қозғалысының көшбасшылары Симон Петлюра, Степан Бандера, Евгений Коновальцтің портреттері. Олардың жанында ақын, прозашы, суретші және этнограф Тарас Шевченконың, сондай-ақ диссиденттер Василий Стус пен Вячеслав Чорноволдың портреті бар.

Медаль жезден құйылған, оның диаметрі 70 мм. Медальдің құны 1 100 гривен (шамамен $42).

Добавить комментарий