Қазақстанда ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Дархан Дильманов ұсталды.
«Билікті асыра пайдалану» ісі бойынша шекара қызметінің бірнеше бұрынғы жетекшісі ұсталды.
«2022 жылғы 22 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан-Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-лейтенант Д.А. Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы майор Н. Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
ҰҚК өзге ақпарат «тергеу мүддесінде» жариялауға жатпайды.