ҰКҚМО-ның жаңа басшысы: Құрманбек Жұмағали Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарма төрағасы болып тағайындалды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің шешімімен Құрманбек Жұмағали Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының (ҰКҚМО) басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Министрлік басшысы Асхат Оралов ұжымға жаңа басшыны таныстырып, Есетжан Қосубаев атқарып отырған қызметінен босатылды.

Құрманбек Жұмағалидің масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар. Еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған, «Хабар» агенттігінің жетекші редакторы, тілшісі. 2013-2018 жылдары Құрманбек Жұмағали Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы және Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған. 2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС басқарды,««Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды. Осы уақытқа дейін «31» медиахолдингінің бас директоры болып еңбек еткен.

Ұлттық киноны қолдау жөніндегі мемлекеттік орталық 2019 жылы кинематографияны дамытуға мемлекеттік қаражатты бөлу және басқа елдердің үлгісі бойынша жеке кинокомпанияларды қолдау үшін құрылған. Киноорталықта 2019-2022 жылдар аралығында  «Дос-Мұқасан» лентасын қоса алғанда, 14 фильм прокатқа шығарылып, олар жалпы прокаттан 503,2 млн теңге жинады.  «Паралимпиадашы»,  «Схема», «Ағайындылар» және  «Мерген» сияқты картиналар халықаралық кинофестивальдердің жүлделеріне ие болды.

Өткен жылы Ұлттық фильмдер шығаруға бөлінетін қаражатты бөлудің жаңа тәсілі белгіленді: 70% тарихи, патриоттық және имидждік; 30% — жеке киножобаларды, оның ішінде дебюттік жобаларды бірлесіп қаржыландыру. Сонымен қатар, мемлекеттік қаржылық қолдау алу үшін кинематографиялық қызмет субъектілері мен талаптарының ауқымы кеңейтілді.

Добавить комментарий