Синоптиктер 2022 жылғы 5 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады

Қазақстандық синоптиктер 2022 жылғы 5 маусымда ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Олардың мәліметінше, нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін және шаңды дауыл соғады.

Ақмоланың батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында және Жамбыл облыстарының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады.

Қызылорда, Абай облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлейт аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады. Күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13 +15°С, күндіз +18 +20°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 2-7 жылдамдықпен жел соғады, күн күркірегенде екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +20 +22°С, күндіз +26 +28°С болады.

Шымкентте аздаған бұлт шығады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +16 +18°С, күндіз +29 +31°С болады.

Добавить комментарий