Солтүстік Қазақстандағы демалыс базаларының бірінде 17 жастағы қызды бір топ жігіт зорлады.
Күдікті бес адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
11 маусым күні полицияға «Березовая роща» демалыс базасының аумағында қызын зорланғанын айтып Петропавл тұрғыны арызданды.
«Аталған факті Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-тармағы «Зорлау» және 121-бабы 3-1-тармағы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 17-20 жас аралығындағы Петропавл қаласының бес тұрғыны ұсталды», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Үш жігіт Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал екеуіне қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау туралы мәселе тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша шешіледі.
Сотқа дейінгі тергеу аясында сот сараптамалары тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.