Алматы қаласында көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды.
Полицияның мәліметінше, күдікті түнгі уақытта тұрақта тұрған көліктердің мемлекеттік нөмірін шешіп алып отырған.
Содан кейін көліктің айнасына ұрланған нөмірді қайтарып алу үшін өтемақы төлеу шарты жазылған жазуды қалдырып кеткен. Автокөлік иесі алаяқтың шарттарына келісетін болса, онда ол сыйақы төлеп, мемлекеттік нөмірді қайтарып алған. Полиция осыған ұқсас бес ұрлық жасағанын мойындаған 2002 жылы туған А. есімді азаматты ұстады. ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ззаңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады. Өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.