ҰҚК әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлады

Алматыда әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, олар 7 ақпанда ұсталды.

«Тінту барысында олардан Калашников автоматы, оған 158 патрон, танкіге қарсы қол гранатаатқышына 1 ату және 3 снаряд, 2 граната, келте аңшы мылтығы және электрошокер табылып, тәркіленді», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомство хабарлағандай, ұсталғандардың бірі бұрын адам өлтіргені, қарақшылық және ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.

Добавить комментарий