Ресей Қорғаныс министрлігі Киевтегі шешім қабылдау орталықтарына соққы жасалады деп қорқытты

Ресей Қорғаныс министрлігі Киевтегі шешім қабылдау орталықтарына соққы жасалатынын мәлімдеді. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің Украина Батыстан алған қаруымен Ресей аумағындағы нысандарды атқылауға толық құқығы бар деген мәлімдемесіне жауап ретінде айтылды.

BBCорыс қызметі хабарлағандай, ресейлік әскерилердің пікірінше, Украина астанасында британиялық кеңесшілер бар.

Ұлыбритания қорғаныс министрінің орынбасары Джеймс Хиппи сейсенбі күні Украинаның Ресей аумағындағы әскери нысандарды атқылау заңды екенін айтып, сонымен қатар батыс елдерінен алынған қару-жарақтың кейбір түрлері алыстан қолдануға болатын қару-жарақ екенін атап өтті.

«Лондонның Киев режимін осындай әрекеттерге арандатып, егер олар осындай қадамға барса, біз қарымта жауап береміз деп датап өткім келеді. Ескерткеніміздей, Ресей қарулы күштері Киевтегі тиісті шешім қабылдау орталықтарын атқылауға жарайтын жарайтын ұзақ қашыққа арналған қару қолдануға дайын тұр», — деп жауап берді Ресейдің қорғаныс министрлігі.

Ресей бұған дейін де Украинаның «шешім қабылдау орталықтарына» шабуыл жасаймыз деп қорқытқан. Бұл «орталықтарда» шетелдік кеңесшілер бар ма, жоқ па екені туралы расталған ақпарат жоқ.

Добавить комментарий