ҚР ҰҚК қызметкерлері қолдан жасалған жарылғыш заттары мен атыс қаруларын жасаумен және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты жойды.
ҰҚК қызметкерлері арнайы операция барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушыларын ұстады.
Топтың үш қатысушысы қару мен ҚЖҚ-ның кезекті партиясын сату кезінде ұсталды.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай:
«2021 жылғы 15 сәуірде Көкшетау қаласында ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті атыс қаруы мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды заңсыз жасауға және оларды өткізуге қатысы бар қылмыстық топты жойды.
Жасырын цех ұсталғандардың бірінің жеке үйінде болған.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 7 жауынгерлік пистолет, 96 қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, 80 патрон, сондай-ақ қару-жарақты модификациялау мен жасауға арналған құралдар алынды.
Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
Жасалған қылмыстардың қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, барлық күдіктілер ҚР ҚІЖК-нің 12-бабы тәртібімен ұсталды.
Қылмыстық іс ҚР ҚК 287-бабы, 4-тармағы және ҚР ҚК-нің 288-бабы бойынша қозғалды.