Тротуарда кетіп бара жатқан қызды көлік қағып кетті

Қала ішінде екі көлік соқтығысып, бірі жол жиегіне шығып кетіп, тротуарда кетіп бара жатқан қызды қағып кетті.

Оқиғаның мән-жайы

Жол апаты 23 қазан күні орын алды. Lexus RX300 көлігін басқарған 23 жастағы жүргізуші Қабанбай батыр көшесінің бойында Subaru-мен соқтығысты. Салдарынан Subaru жаяу жүргіншілер жолына шығып кеткен. Жол апатынан сегіз жасар қыз зардап шекті, — деп хабарлады өңірдің ПД баспасөз қызметі.

Дәрігерлер қыз балаға бастың жабық жарақаты мен миы шайқалған деген диагноз қойған.

2013 жылы дүниеге келген қызды жедел жәрдем бригадасы оқиға орнынан ауруханаға жеткізді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Кейінірек зардап шегушінің әкесі одан әрі емдеуге жатқызудан бас тартып, баланы алып кетті. Ата-анасына тиісті нұсқаулық берілді, — деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Аталмы факті бойынша іс ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы (адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша қаралады.

Добавить комментарий