ҰҚК басшысының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасары заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінді. Марат Өсіповтың ұсталғаны хабарланды.

«22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды. 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», — делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Комитетте ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке, ҰҚК төрағасының орынбасарлары Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда деп атап өтті.

Алматы ҰҚК департаментінің бұрынғы басшысы тергелуде.

Марат Өсіпов 2016 жылғы қаңтарда ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2022 жылғы 9 қаңтарда президенттің өкімімен ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Өсіпов пен Дәулет Ерғожин қызметінен босатылды.

ҰҚК билікті күштеп басып алу, терроризм актілері мен жаппай тәртіпсіздіктер фактілері бойынша барлығы 27 істі тергеп жатыр.

Добавить комментарий