Ақтөбе облысында жол апатынан зейнеткер қайтыс болды

Ақтөбеде адам өліміне алып келген жол апаты болды. Жол апатынан 74 жастағы әйел көз жұмды.

Хабарланғандай, 9 қараша күні сағат 15:40-та ресейлік есепте тұрған “Lada Kalina” маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Арынов көшесіндегі “Домострой” СҮ қарама-қарсы жерде 74 жастағы зейнеткерді қағып кетті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан Ақтөбе қаласының Жедел медициналық көмек ауруханасында көз жұмды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 152 ЖКО тіркелді, онда 14 адам қаза тауып, 141 адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Добавить комментарий