Элиталы пәтердің орнына — наразылық акциялары мен ақшаны қайтарып аламын деген үміт

Атыраулық алаяқ әйел элиталы кешенде пәтерлерді мүлдем арзан бағамен сатуға уәде беріп, аңқау азаматтардың мүлкін алдап иемденіп алды.

Атыраудың орталығынын элиталы үйлерден пәтер алып беруге “көмектесеміз” деген алаяқтарға жалпы 185 миллион теңге берген 20-дам астам қала тұрғыны алданып қалды. Жәбірленушілер облыстық прокуратура ғимаратының алдына жиналып, қылмыстық іс тиісінше жүргізілмей жатқанын мәлімдеді.

Қымбат пәтерді нарықтық бағадан арзан бағаға сатып алу үшін қала тұрғындары Айбарша есімді әйелге бес миллион мен он миллион аралығында ақша берген. Айбарша элиталы үйлерде банкте тыйым салынған пәтерлер барын және сол пәтерлерді сатып алуға көмектесетін таныстары барын айтқан. Кейбірі сеніп, ақша табу үшін өзінің пәтерін сатып жіберген.

Тергеудің жүріп жатқанына 9 ай болған, жиналғандар мұны тым ұзаққа созылғанын және біреулердің мүдделерін қорғап отыр деп есептейді.

Гүлнара Қуанышева үш жасар ұлымен бір жылдан астам уақыттан бері туыстарын жағалап келеді. Ол 2019 жылы Нұрсая шағын ауданындағы 3 бөлмелі пәтерін сатып, 12 миллион теңгені Айбаршаның қолына ұстатқан.

«Мен оған 2019 жылдың сәуір айында «Гранд Атырау» тұрғын үй кешеніндегі пәтер үшін 9 миллион 700 мың теңге бердім, содан кейін ол тағы да екі пәтер алуға болатынын айтып 2 миллионнан астам ақша сұрады. Қолхат берді. Мен оған осы уақытқа дейін сеніп келдім, алданғанымды енді түсіндім», — дейді Гүлнара.

«Мен оған 8 миллионды бердім. Бізге жаңа элиталы үйден екі бөлмелі пәтерді көрсетті. Қажетті соманы алу үшін мен екі несие ресімдедім. Қазір мен сан соғып қалдым. Ай сайын несие бойынша 200 мың теңге төлеп келемін», — деді тағы бір зардап шегуші Есен Қадиев.

9 ай бұрын ірі көлемде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, бірақ тергеушілер жәбірленушілерді жауап алуға шақырған жоқ.

«Қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілді, бірақ сот оны ҚПК-нің 323-бабы бойынша прокуратураға қайтарды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда», — деді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.

Оның айтуынша, сот бұл қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуына байланысты істі қайта тергеуге қайтарған. Ол бір айдың ішінде сотқа қайта жолданады.

Добавить комментарий