Теміртау: Газ баллонының жарылуына байланысты үйдің қабырғалары құлады

Теміртауда бүгін, 16 тамыз күні көпөабатты тұрғын үйдің бір бөлігі газ баллоны жарылуына байланысты құлады. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.

Теміртаудағы бес қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлады Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жарылыстан үш пәтердің қабырғалары құлады.

«16 тамызда сағат 12-08-де Теміртау қ., Металургов даңғылы, 5/2 үй, 5 қабатты, 4 кіреберісті, 80 пәтерлі тұрғын үйде, №2 кіреберістің 3-ші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан пәтерлер арасында бөлмеаралық қабырғалары мен пәтер аралық қабырғалар құлап, кейіннен жабын плиталары құлады. Жарылыс салдарынан 12 пәтердің терезелері мен кіру есіктері жартылай қираған. Кіреберістің барлық тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланды, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі

4 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Медециналық көмектен соң 3 адам үйлеріне жіберілді, 1989 жылы туған үй иесі ауруханада тексеруден өтуде. Жалпы 53 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

Қираған конструкцияларды тазалау жұмыстары жалғасуда. Жергілікті атқарушы органдардың күшімен 2-ші кіреберістің тұрғындарын орналастыру мәселесі пысықталуда, 4 отбасы уақытша тұрғын үйге мұқтаж, қалғандары туыстарына орналастырылады.

Оқиға орнында облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин, Теміртау қаласының әкімі және барлық шұғыл қызметтері бар. Жедел штаб құрылды.

 

Добавить комментарий