Әйелдер мен қыздарға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Қарағандыда әйелдер мен оқушы қыздарға шабуыл жасап, оларды ұрып-соққан ер адам ұсталды

«16 наурызда Қарағанды полициясының жедел басқару орталығына қаладағы мектептердің бірінің жанында белгісіз біреу 14 жасар оқушыға шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Қарағанды ҚБ Орталық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы келді», — деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің айтуынша, ол мектепке бара жатқанда белгісіз біреу артынан келіп шабуыл жасаған. Ол оқушы қызды ұрып, қашып кеткен.

«Жеке жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмыстық полиция қызметкерлері күдікті — Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің тағы үш әйелге шабуыл жасағаны анықталды. Ер адам Қарағандыға келіп, жалғыз жүрген әйдерді аңдыған, содан кейін оларды ұрып-соғып, қашып кетіп отырған. Алайда жәбірленушілердің заттарын ұрламаған», — деп нақтылады ДП бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

ҚР ҚК 293-бабы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Добавить комментарий